Маусым 09, 2018 16:45 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте сионизмге қарсы шеру өтті

Нью-Йорктегі бір топ сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарына наразылық білдіріп, шеруге шықты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік Құдс күніне орай ұйымдастырылған шеру кезінде америкалықтар сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын айыптап, бұл режимнің басқыншылығын тоқтатуды талап етті.

Шеруге қатысушылар қолдарына плакаттар алып, ұрандатып, басып алынған жерлердің Палестина халқына тиесілі екенін айтты.

Шеруге қатысушылар сондай-ақ, Трамптан Израильдің қылмыстарын қолдаудың орнына палестиналық босқындар мен олардың өз отанына қайта оралуы үшін шара қолдануды сұрады.

Сонымен қатар Франция астанасы Парижде мұсылмандар мен азаттық сүюшілердің "Израильге өлім! Америкаға өлім!" деп ұрандатқан Дүниежүзілік Құдс күніне орай арнайы рәсімдері өткізілді.

Дүниежүзілік Құдс күнімен бір мезгілде Ресей астанасындағы Орталық мешіт пен оның айналасындағы көшелерде жиналған мыңдаған мұсылман Палестинаның қаналған халқымен ынтымақтастықтарын білдірді.

12 мемлекеттің елшілері қатысқан бұл рәсімде Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы шейх Равиль Гайнутдин Құдс күнін имам Хомейнидің құнды мұрасы деп атады.

 

 

 

Тегтер