Карзай АҚШ-тың Ауғанстан халқы мен аймаққа қиянат жасағанын қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37816-Карзай_АҚШ_тың_Ауғанстан_халқы_мен_аймаққа_қиянат_жасағанын_қуаттады
Ауғанстанның бұрынғы Президенті: "АҚШ Ауғанстан халқы мен аймаққа қиянат жасады",-деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2018 11:48 Asia/Almaty

Ауғанстанның бұрынғы Президенті: "АҚШ Ауғанстан халқы мен аймаққа қиянат жасады",-деп мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хамид Карзай: "АҚШ басшыларының Ауғанстан ғана емес, Таяу Шығыс аймағына қатысты қазіргі стратегиясы соғысқа негізделген. Бұл үдерістің жалғасуы бейбітшілікті аймақтан алшақтатады",-деді.

Ауғанстанның бұрынғы Президенті америкалықтарға сенуге болмайтынын айтып: "Демократия, азаттық, Ауғанстан халқы мен аймақтың қауіпсіздігі деген тек ұран ғана. Америкалықтардың өздері бұған сенбейді",-деді.

Ауғанстанның бұрынғы Президенті АҚШ-тың Иран мен Ауғанстан қарым-қатынасының дамуына кедергі жасау мақсатында жасап жатқан қысымдарына тоқталып, өзінің билік жүргізіп тұрған кезінде америкалықтардың ашық түрде одан Иранмен арадағы байланысты үзуді сұрағанын айтты.