Трамп: Иран АҚШ-тың қысымдары салдарынан қатынасын өзгертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37828-Трамп_Иран_АҚШ_тың_қысымдары_салдарынан_қатынасын_өзгертті
АҚШ 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қауіпсіздік орнату және қоқан-лоққылармен күресу сылтауымен өзінің алыс жерлердегі әскери күштерін пайдаланып, әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты өзіміздің міндетімізді орындап жатқаны туралы уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2018 16:33 Asia/Almaty
  • Трамп: Иран АҚШ-тың қысымдары салдарынан қатынасын өзгертті

АҚШ 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қауіпсіздік орнату және қоқан-лоққылармен күресу сылтауымен өзінің алыс жерлердегі әскери күштерін пайдаланып, әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты өзіміздің міндетімізді орындап жатқаны туралы уәж айтты.

АҚШ қандай бейбітшілік пен қауіпсіздік жайлы айтып отыр? 11 қыркүйектен кейін Ауғанстанды басып алып, Иракқа шабуыл жасау қандай қауіпсіздік әкелді? Газада Израильдің қылмыстарын қолдау және Батыстың Сауд Арабиясына сыйлаған қарулармен бұл режимді Йеменге басқыншылықты жалғастырып, күн сайын әйелдер мен балаларды өлтіруге ынталандыру әлемдік міндеттемелерді орындау деп атала ма?

Осындай ішкі іске араласушылықтар, қоқан-лоққылар мен әскери амалдар жүргізудің шынайы мағынасы АҚШ-тың өзін жоғары санауы мен бейбастақтықпен мансапқорлыққа ұмтылуында болып отыр.

Ал енді АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл елдің қысымдары Иранның қатынасын өзгертуге себеп болады деген уәж айтып: "Олар ядролық келісімді сақтауды көздейді, бірақ мен сендерге айтайын: жуырда олар қайтып оралып, бізбен жақсырақ келісім жасау үшін келіссөз жүргізетін болады. Біз бұл келісімге қол жеткіземіз",-деді.

Трамптың сөздері оның ақылсыздығы мен тұлғасының тұрақсыздығынан туындап отыр немесе баж алуға бейім көзқарастан бастау алған. Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ-тың мақсаты – Иран халқын өзіне бағындыру. Трамп бұл қиялын қаттырақ көрсетіп, барлық нәрсені "керек" сөзімен байланыстырып отыр. Негізінде, АҚШ-тың зорлық жүргізетін дәуірі өткен.

Гарвард университетінің ұстазы әрі халықаралық қатынастар жөніндегі теоретик Стефан Уоллет Трамптың шараларының сыртқы саясатқа қатысты шешім қабылдау барысындағы жетекшілердің рөліне нұқсан келтіретін үдерісті еске түсіретінін айтты.

Трампқа аздаған реалистік көзқарас қажет, сонда ол Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізетіні немесе тізе бүгетіні және Иранның аймақтық саясатында АҚШ қалауына орай өзгерістердің болатыны туралы қияли ойы мен даңққұмар мақсаттарының жалған екенін түсінер еді, өйткені Иран ешқашан өз ұстанымын өзгертпейді.

Иран осыдан бірнеше онжылдық бұрын Буштың өшпенділігі кезінде АҚШ-тың қоқан-лоққыларынан қорықпады, Обаманың кезінде де АҚШ-тың қатынасын өзгерткеніне сенбеді.

Иран Қарулы күштері бас қолбасшының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі кеңесшісі бригада генералы Хосейн Деһқан Дональд Трамптың сөздері жайында: "Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, ислам республикасы жүйесі орнағаннан бері америкалықтар Иранға әрдайым қысым жасап келеді, алайда бұл қысымдар өздеріне теріс әсер етіп, талпыныстары тиісті нәтиже бермеді. Ал Иран халқы күшейіп, революцияның армандарына деген қызығушылықтары мен табандылықтары арта түсті",-деді.   

Егер Трампта аздаған саяси көрегендік болғанда, мына жайтты түсінер еді: әлсіз мемлекеттердің өздері де қауіпсіздікті кепілдендіруге қатысты берген уәдесіне берік емес адамдарға бас игісі келмейді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жуырда мыңдаған студент пен ұстаздармен кездесуінде АҚШ-тың мақсаттарын түсіндіріп, Трамптың жағымсыз әрекеттерін болжанған жағдай деп атап, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі АҚШ-тың барлық басшыларының өшпенділікті жалғастырғанына тоқталып: "Иран халқына қарсы жауластық жасаған адамдардың сүйегі қазір жер астында, ИИР жасампаз күйінен танбай келеді. Трамптың да денесі бір күні жерге тапсырылады, ал ИИР бұрынғысынша үстем мереймен ғұмырын жалғастыра береді",-деді.