АҚШ Сенаты құны 716 миллиард долларлық әскери бюджет бекітті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37866-АҚШ_Сенаты_құны_716_миллиард_долларлық_әскери_бюджет_бекітті
АҚШ Сенаты дүйсенбіде көпшілік дауыспен Ақ үй ұсынған 716 миллард долларлық әскери бюджетті бекітті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 19, 2018 11:13 Asia/Almaty
  • АҚШ Сенаты құны 716 миллиард долларлық әскери бюджет бекітті

АҚШ Сенаты дүйсенбіде көпшілік дауыспен Ақ үй ұсынған 716 миллард долларлық әскери бюджетті бекітті.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Сенаты 85 оң және 10 қарсы дауыспен елдің 2019 жылғы  әскери бюджетін бекітті. АҚШ Конгресінде бекітілуі тиіс бюджет осы ел үкіметіне армиясын өз шекарасының сыртында көбірек пайдалануға рұқсат береді.

АҚШ-тың әскери бюджеті 2018 жылы 700 миллиард долларды, 2017 жылы 618 миллиард 700 миллион долларды құрады.

АҚШ-тың әскери бюджеті дағдарыс пен тұрақсыздық тудыру және әлем елдеріне қарсы шабуыл жасауға жұмсалады.