Вашингтон сионистік режимді жан-жақты қолдауын жалғастыруда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37888-Вашингтон_сионистік_режимді_жан_жақты_қолдауын_жалғастыруда
АҚШ сионистік режимді қолдау мақсатында БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шықты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 20, 2018 10:46 Asia/Almaty
  • Вашингтон сионистік режимді жан-жақты қолдауын жалғастыруда

АҚШ сионистік режимді қолдау мақсатында БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шықты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен БҰҰ-дағы сол елдің тұрақты елшісі Никки Хейли  жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні түстен кейінгі баспасөз мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығатын шешімін жариялады.

Помпео мен Хейли 47 ел мүше болып кіретін БҰҰ Адам құқығы кеңесін сионистік режимге қарсы дұшпандық танытуымен айыптады.

АҚШ сионистік режимнің ісін БҰҰ кеңесінің тұрақты күн тәртібінен шығара алмаған соң ұйымнан өзі шықты. Сионистік режимнің БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың шешімін қолдады.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ-тың бұл әрекетіне өкініш білдірді.