АҚШ БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шықты
АҚШ келесі халықаралық органның бірінен шықты. Бұл жолы АҚШ үкіметі адам құқығы тақырыбын қарастыратын ең негізгі орган БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шықты.
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли өз елінің Адам құқығы кеңесінен шығу шешімін ақтап: "Бұл Кеңестің Иран мен Венесуэла сияқты елдердегі адам құқығының бұзылуына үнсіздік танытуы, сондай-ақ БҰҰ Адам құқығы кеңесінің сионистік режимнің палестиналықтардың құқықтарын бұзуы туралы сындарды қайталауы Вашингтонның аталмыш кеңестен шығуға шешім қабылдауына себеп болды",- деген уәж айтты.
АҚШ үкіметі соңғы жылдары БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесін адам құқығына қатысты көптеген басқа органдар сынды өз мүдделеріне қарай бұрып, өзінің сыртқы саясатын іске асыратын құрал ретінде пайдалануға талпынды. АҚШ-тың адам құқығы тақырыбын өз мүдделеріне пайдаланып, сионистердің теріске шығарылмайтын адам құқықтарын бұзуына немқұрайдылық танытуы әлем мемлекеттерінің көбінің қарсылығына себеп болды. АҚШ үкіметі БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесін тек өз мүдделеріне ғана пайдалана алмаған соң, одан шығуға шешім қабылдады. АҚШ осыған дейін Парижде қабылданған Климат келісімінен, Трансатлант сауда келісімінен, ЮНЕСКО ұйымы мен Иранның ядролық келісімінен шықты.
Вашингтонның БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне қатысты дұшпандық ұстанымы Американың оңтүстігінде заңсыз мигранттардың балаларын ата-аналарынан мәжбүрлі түрде бөлуі мен оларды қамауға алуы әлемдік жиіркеніш пен ызаға тап болған жағдайда жария етілді. АҚШ-тың іші мен сыртындағы қайраткерлер мұндай ұстанымды адам құқықтары мен адамгершілік негіздерді әшкере бұзу деп санайды. Бұл әрекет Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұлтшылдардың әрекеттеріне ұқсас.
БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хосейн: "Америкадан Мексика арқылы енетін ата-аналардың перзенттерін бөлу туралы ақылға сай келмейтін саясатын тоқтатуды талап еттік",- деді.
Алайда, АҚШ үкіметінің адам құқығын бұзуы тек кішкентай балаларды қамауға алумен шектелмейді. Өткен 20 жылда АҚШ үкіметінің адам құқығын бұзу жайттары сан рет байқалды. Кубадағы Гуантанамо, Ирактағы Абуғурайб, Ауғанстандағы Баграм абақтыларын ашу, суға батырып, тұншықтыру сынды қорлық көрсету, жасырын абақтылар ашып, АҚШ-тың кейбір қара нәсілді жастарының өмір сүру құқықтарына немқұрайдылық таныту, адамгершіліктен жұрдай мигранттық саясат ұстану, әлемнің әртүрлі жерлеріндегі азаматтарға тыңшылық жүргізу, сондай-ақ, адам құқығын бұзушы Бахрейн, Сауд Арабиясы мен сионистік режимді қолдау сияқты әрекеттері АҚШ үкіметінің адам құқығын бұзуының мысалдарының қатарын құрайды. Сол себепті әлемде адам құқығының негізгі бұзушысы саналатын мемлекеттің БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығуы соншалықты таңғалатын жайт емес. Бұл шешімнен кейін АҚШ үкіметінің адам құқығын көбірек бұзуға және адам құқығын бұзушы үкіметтерді қолдау үшін жолы одан сайын ашыла түсетін болады.