Зариф: АҚШ-тың сыртқы саясаты дағдарысқа ұшырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37918-Зариф_АҚШ_тың_сыртқы_саясаты_дағдарысқа_ұшырады
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф "АҚШ-тың сыртқы саясаты дағдарыста" атты мақаласында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Тынық мұхиты аймағындағы сауда келісімі мен Париж климаттық келісімінен кейін АҚШ үкіметі шыққан үшінші халықаралық келісім болып табылады",-деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 21, 2018 13:02 Asia/Almaty
  • Зариф:  АҚШ-тың сыртқы саясаты дағдарысқа ұшырады

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф "АҚШ-тың сыртқы саясаты дағдарыста" атты мақаласында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Тынық мұхиты аймағындағы сауда келісімі мен Париж климаттық келісімінен кейін АҚШ үкіметі шыққан үшінші халықаралық келісім болып табылады",-деп жазды.

Бейсенбі күні Ираның ақпарат құралдарынан таратылған мақалада Зариф: "АҚШ-тың қазіргі үкіметі өзінің шараларымен Солтүстік Американың еркін сауда келісімі (NAFTA), еркін сауда жүйесі, БҰҰ-ға қарасты бөлімдерге қатысты басқа де көптеген келісімдерді қатерге тігіп, көпжақтылықты сақтау және қайшылықтарды дипломатиялық жолдармен шешу перспективасына үлкен нұқсан келтіреді.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен біржақты әрі заңсыз түрде ядролық  санкцияларды қайтаруы шын мәнінде АҚШ үкіметінің уағдада тұрмай, осы келісімді үсті-үстіне бұзуының шарықтау шегі болды",-деп жазды. Осындай жағдайда халықаралық орган АҚХА Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік екенін сан рет растады.

Зариф, сондай-ақ: "АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы 2018 жылдың 21 мамырында ішкі іске араласушылық сипаттағы негізсіз сөздерінде Иранға қатысты талаптарын мәлімдеп, қоқан-лоққы жасады. Бұл танылған халықаралық ережелер мен халықаралық құқық пен өркениетті қатынасқа толығымен қайшы",-деп қуаттады.