Маусым 22, 2018 18:06 Asia/Almaty
  • Трамп: Демократтар – адам контрабандасының ірі қолдаушысы

АҚШ президенті өз Үкіметінің көші-қон саясаттарын қорғап, демократтарды заң бұзушылық пен адам контрабандасына байланысты айыптады.

Reuters арнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл елдегі көші-қон дағдарысының ауыр сипатқа ие болғанын, сондықтан заңнамадағы қашып-құтылу жолдарын жабу керектігін айтып: "Бұл дағдарысты шешу үшін көптеген шешім жолдарын таптық. Бірақ, демократтар ешнәрсені бекіткісі келмейді. Себебі, олар бұл істі жүзеге асыру олар үшін алдағы сайлау кезінде теріс әсер етеді деп ойлайтын шығар",- деді.

Трамп сондай-ақ, әсірешіл демократтардың АҚШ-тың көші-қонға қатысты заңнамасындағы қашып-құтылу жолдарын қолдап, олардың шекараларды ашып жатқанына тоқталып: "Демократтар «балалар контрабандасы» деген ірі өнеркәсіптің туындауына рұқсат берген. 2004 жылдан бастап демократтар қолдаған заңнамадағы қашып-құтылу жолдары салдарынан 200 000-ға жуық адам АҚШ территориясына кірді",- деді.

Дональд Трамп АҚШ экономикасының өркендеп жатқанын, елінің қазіргі таңда жарты ғасырдан бергі ең төмен жұмыссыздық көрсеткішіне ие екендігін айтты.

 

 

 

Тегтер