АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен күресуге қауқарсыз екенін мойындады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен әскери текетіресте қауқарсыз екенін мойындады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні: "АҚШ Иранмен әскери текетіресті қаламайды",-деп мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ешқашан Иранға қарсы әскери амалдар жүргізу туралы сөз қозғамайтынын айтты. Помпео сөзінің жалғасында Иранның ядролық қаруға қол жеткізбеуі қажеттігін де қуаттады.
Ақ үй басшыларының әдеттегі өтіріктеріне керісінше, ИИР әрдайым ядролық қару жасауды көздемейтінін баса айтып келеді. Иран басшылары, сондай-ақ, АҚШ-тың зорлықшыл әрекеттеріне қарсы тұратынын қуаттап отыр.
Помпеоның уәждері АҚХА-нің әрдайым өз есептерінде Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін растап отырған жағдайда айтылып отыр.