АҚШ өкілі шындықтан жалтару үшін өз елінің кінәсін Иранға жапты
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли мәлімдеме жасап: "Иран бұрынғыдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзып отыр",-деді.
Никки Хейли сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен №2231 қарар туралы отырысымен бір мезгілде айтқан сөзінде: "БҰҰ Бас хатшысының есебі Иранның бұрынғыдай бүкіл Таяу Шығысқа өз қаруларын жіберіп, Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзып жатқанын көрсетеді. АҚШ Иранның адам құқығын бұзуы мен бүлдіргі әрекеттерінің бақылаусыз жалғаса беруіне жол бермейді",-деді.
Никки Хейлидің Иранның аймақтағы кейбір тараптарға қару-жарақ жіберіп отырғаны туралы уәждері Йемен Ансаролла қозғалысының Иранның бұл елге ешқандай қару-жарақ жібермейтінін сан рет қуаттаған жағдайда айтылып отыр.
Никки Хейлидің Иранға қарсы уәждері біріншіден АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығып, халықаралық келісімдерге берік емес екенін көрсеткен жағдайда айтылып отыр. Екіншіден, саудиялық коалицияға қару-жарақ жіберуде маңызды рөл атқаратын – АҚШ-тың өзі. Қазір Йемен халқы саудиялық басқыншылардың қолындағы америкалық қару-жарақтар арқылы өлтіріліп жатыр.