НАТО ұйымының бас хатшысы Трампқа ескерту жасады
(last modified Sun, 08 Jul 2018 12:14:31 GMT )
Шіл 08, 2018 18:14 Asia/Almaty
  • НАТО ұйымының бас хатшысы Трампқа ескерту жасады

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде өтетін НАТО басшылары отырысы қарсаңында АҚШ президенті Дональд Трампқа НАТО-ға мүше елдерге қолдау көрсетудің оның өзіне пайдалы екені туралы ескерту жасады. НАТО ұйымының бас хатшысы НАТО-ны әлсіретудің АҚШ үшін пайдасыз екенін айтты.

Столтенбергтің айтуынша, дүниежүзілік екі соғыс пен "қырғи қабақ» соғысы біздің бірге болғанда қуаттырақ екенімізді көрсетті. Сондықтан осы берік ұйымды сақтап қалу Америка Құрама Штаттары үшін пайдалы.

НАТО ұйымы бас хатшысының бұл ескертуі Трамптың НАТО ұйымына қарсы теріс әдісі мен оның іс-шаралары, атап айтқанда НАТО ұйымына мүше 10 мемлекеттің басшыларына қоқан-лоққыға толы хаттар жіберуіне байланысты жасалды. Трамп 11-12 шілде Брюссельде өтетін НАТО ұйымына мүше елдер басшылар отырысына қатысады. Оның бұл келісімге мүше басқа елдерге қарсы НАТО-ның шығындарына жеткілікті түрде үлес қоспау және әскери салаға жеткілікті бюджет бөлмеу туралы айыптарын тағы қайталайтыны күтіліп отыр. Трамп бұдан бұрын да НАТО мүшелерін осы ұйым басшыларының 2014 жылғы отырыстағы келісімнің мақсаттарын жүзеге асырмағаны үшін сынға алған болатын. Осы келісімге сәйкес, НАТО ұйымына мүше елдер өздерінің жалпы ішкі өнімінің 2 пайызын әскери саланы дамытуға бөлуі тиіс. Трамп, сондай-ақ, НАТО ұйымының АҚШ үшін көп шығын келтіріп жатқанын мәлімдеді. НАТО ұйымына мүше елдер басшыларының алаңдаушылығын тудырып отырған келесі мәселе шілденің он алтысы күні Финляндияның астанасы Хельсинкиде Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен өтетін кездесуінде оның жұмсақтық әрі көнбістік таныту ықтималдығы болып отыр. НАТО ұйымының Украина дағдарысына қатысты позициясы мен НАТО-ның еуропалық мүшелерінің Қырым түбегінің Ресейге қосылуын мойындамауына байланысты бұл елдер Трамптың да ұқсас позиция ұстануын қалап отыр. Столтенбергтің пайымдауынша, бүкіл НАТО ұйымының Ресейдің "өзіне заңсыз түрде қосып алу" әрекетіне қатысты позициясы кесімді саналады. АҚШ пен Ресей басшыларының шілденің он алтысы күнгі кездесуінен кейін АҚШ-тың позициясы жұмсара түсетіндігіне алаңдап отырған жоқ. Столтенберг сөзінің жалғасында: "Ресей – біздің көршіміз. Мен АҚШ президентінің Путинмен кездесуін толық қолдаймын. Ресеймен сұхбаттасу НАТО-ның саясаттарымен үйлеседі",- деді. Жуырда НАТО ұйымына мүше кейбір елдердің басшылары ұйым мүшелерінің Хельсинкидегі отырысқа қатыспайтындығына байланысты алаңдаушылық білдірді. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Хатсман АҚШ президентінің Финляндияда өтетін отырысты Мәскеу мен Вашингтон арасындағы текетіресті азайтуға көмектесетін жол деп атағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, НАТО ұйымының еуропалық мүшелері Ресейді шынайы қауіп деп есептейді. Бұл мәселеге қатысты Германия канцлері Ангела Меркель НАТО ұйымының Ресейдің әскери қоқан-лоққыларына қайта көңіл бөлу қажеттігін қуаттады. Ол Қырым түбегін Ресейге қосып алу мен Мәскеудің Украинаның шығысындағы ішкі істеріне әскери араласуын НАТО-ның Ресейге қайтадан назар аударып, одақтастарды қарқындырақ қорғауға бағытталған маңызды жайттар деп атады. Ангела Меркель біраз уақыт бұрын НАТО ұйымына мүше елдердің Ресеймен ақылға қонымды қатынас орнатуды көздеп отырғанын айтып, Ресейдің әскери қоқан-лоққыларымен күресу жолдарын ұсыну аясында айтқан сөзінде: "Еуропаның орталығы мен шығысында әскерилерді орналастырып, қажет шараларды іске асыруымыз керек",- деп мәлімдеді.

Осылайша, қазіргі таңда НАТО ұйымы ішкі және сыртқы екі маңызды қиындыққа тап болып отыр: ішкі қиындық Атлант мұхитының екі жағындағы тараптар арасындағы аталмыш әскери ұйымның болмысы, мақсаттары мен жағдайына қатысты күннен-күнге артып бара жатқан қашықтық пен бұл әскери ұйым мүшелерінің өз әскери міндеттемелерін жүзеге асыруы саналады. Мәскеудің НАТО ұйымының бұл аймақтардағы басқыншылық әрекеті мен оның өзін қорғау позициясын бірнеше рет баса айтқанына қарамастан, НАТО ұйымының сыртқы қиындығы Меркель айтқан Еуропаның орталығы мен шығысындағы НАТО–ға мүше елдерге қарсы Ресей тарапынан төніп тұрған қауіп-қатерлер болып табылады.

 

 

Тегтер