Революция жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісінің көзқарасы
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти жұма күні кешке Иранның бірінші арнасының 21-ші ақпарат бөліміне берген сұхбатында Ресей президенті Валидмир Путинмен кездесуін сындарлы кездесу деп атап, кездесуде Иран мен Ресей арасындағы аймақтық ынтымақтастықтардың нығайтыла түскенін мәлімдеді.
Революция жетекшісі кеңесшісінің аймақтық ынтымақтастықтарға тоқталуы Иран мен Ресей қарым-қатынастарындағы маңызды кеңістіктердің біріне нұсқайды. Бұл әріптестік Сириядағы ДАИШ-пен күрес барысында аса сезімтал кезеңге өтіп, аймақтағы тұрақтылықты қайта орнатудағы өзінің тиімділігін дәлелдей алды.
Велаяти жұма күні Ресейдегі "Валдай" пікірталас орталығында сөйлеген сөзінде осы мәселеге қатысты маңызды жайттарға тоқталды.
Революция жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иран мен Ресейдің Сириядағы құзырының жалғасуы қажеттігін баса айтып: "Егер Иран мен Ресей Сириядан кететін болса, лаңкестер тағы да бұл елге үстемдік орнатады. Бұл елдердің құзыры лаңкестердің Сирияда қайтадан белсенділік таныптауына кепілдік береді",- деді.
Иран мен Ресейдің аймақтық ынтымақтастықтары қазіргі таңда Каспий теңізі аймағы мен көпжақты экономикалық байланыстар негізіндегі топтық ынтымақтастықтардан әлдеқайда кеңірек. Теһран мен Мәскеу АҚШ, НАТО ұйымы немесе кез келген басқа тараптың аймақта орналасуына қарсы.
Ресей президенті өткен жылдың қараша айында Теһранда Иран президенті Хасан Руханимен кездесуінде Иранның Ресейдің стратегиялық көршісі әрі серіктесі екенін баса айтып: "Екі ел екіжақты байланыстары мен қатынастарын дамытуда көптеген ортақ мүдделерге ие",- деп айтқан болатын.
Иран мен Ресей қарым-қатынастары бүгінгі таңда өзінің стратегиялық мәселелердегі тиімділігі мен әсерлігін дәлелдеді. Бұл ынтымақтастықтың ең маңызды аспектісі ұзақ мерзімді қатынастардың қалыптасуы қауіпсіздік және әскери қауіп-қатерлер саласындағы, әсіресе аймақтағы Батыс елдерінің араласушылық әрекеттеріне қарсы ортақ мүдделеріне байланысты.
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі бұл мәселеге қатысты былай деді: "Иранның Сирия мене Ирактағы әскери мәселелер жөніндегі кеңесшілері осы елдер үкіметтерінің өтінішімен заңды түрде бұл елдерде құзырға ие. Иран АҚШ пен сионистік режимнің қоқан-лоққыларына бола Сириядан кетпейді".
ИИР аймақ елдерін бөлуге қарсы және бұл мәселелер мен қайшылықтарды шешу үшін дипломатияға жүгінуді қуаттап отыр. Иранның пайымдауынша, сындарлы интеграция арқылы ортақ қауіп-қатерлермен, соның ішінде лаңкестікпен күресуге болады.
Америкалық The National Interest журналы 2017 жылы қараша айында жариялаған сараптамасында Вашингтонның Иранға қарсы максималды дұшпандық саясатын сынға алып, Теһранның аймақта тұрақтылық орнату үдерісіне қатысуын қажет жағдай деп атады.
The National Interest АҚШ-тағы шешім қабылдаушы басшылардың арасында қырағылықтың жоқтығына сілтеме жасап: "Бұл стратегиялық бұзушылық АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарынан басқа ешбір жерде көрініс таппады. Бұл саясат 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін максималды дұшпандық пен минималды сұхбаттасуға негізделді",- деп жазды.
Иран мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың АҚШ-тың аймақтағы үстемшіл мақсаттары тұрғысынан сезімтал сипатқа ие болғаны белгілі. Иран мен Ресей қауіпсіздік мәселесі және аймақтық дағдарыстарды шешуде АҚШ гегемониясыынң алдында артқа шегінуді көздемейтінін ашық көрсетті.