Моралес: Трамп – адамзат баласының дұшпаны
Шіл 19, 2018 09:12 Asia/Almaty
Боливия президенті АҚШ президентін адамзат баласы мен бүкіл жер шарының дұшпаны деп атады.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Боливия президенті Эво Моралес сәрсенбі күні Кубада өткен конференцияда: "Қазіргі дұшпан – АҚШ президенті Дональд Трамп. Ол – адамзат баласы мен бүкіл жер шарының дұшпаны. Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро айтып кеткен имперализмнің дұшпандық идеялары бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр",- деді.
Осы конференцияға қатысқан Венесуэлла президенті Николас Мадуро да АҚШ-тың Венесуэла мен Никарагуаға қарсы дұшпандық саясаттарын сынады.
Тегтер