АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы ұстаным білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38368-АҚШ_Мемлекеттік_хатшысы_Иранға_қарсы_ұстаным_білдірді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-ның бір топ қарсыластарының, атап айтқанда лаңкестердің алдында АҚШ Үкіметінің Иранға қарсылығын тағы мәлімдеп: "ИИР толығымен батысшылдыққа қарсы",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 23, 2018 09:50 Asia/Almaty

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-ның бір топ қарсыластарының, атап айтқанда лаңкестердің алдында АҚШ Үкіметінің Иранға қарсылығын тағы мәлімдеп: "ИИР толығымен батысшылдыққа қарсы",- деді.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбі күні кешке Калифорния штатындағы АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейган атындағы кітапханада Трамп үкіметінің сионизмді қолдау негізіндегі саясатын баса айтып: "Ислам революциясының алғашқы идеологиясы Израиль режимінің көзін жоюға бағытталды",- деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз елі үкіметінің қара нәсілділерді өлтіру бойынша ең жоғары көрсеткішке ие жағдайда Иранды адам құқықтарын бұзуда деп айыптап отыр.

Өз сөзінде Иран халқына қолдау көрсету жайлы айтқан Помпео Иранға қарсы әділетсіз қысымдар мен біржақты санкция салуды және бұл елдің экономикасын қыспаққа алуға тоқталып: "Иранның ақша аудару үдерісіне максималды түрде қысым жасаймыз",- деп баса айтты.