Ирандықтар Вашингтонның санкцияларының алдында мойынсұнбайды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Венди Шерман "Ирандықтар Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларының алдында мойынсұнбайды",- деп қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігінің Yahoo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Венди Шерман: "Ирандықтарға қарсыласу мәдениеті тән. Қысымдардың ықпалымен құқықтарынан бас тарту олар үшін мойынсұну дегенді білдіреді",- деп баса айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы әдіс-тәсілдерін сынға алып: "Трамптың дипломатиялық әдісі – қоқан-лоққы арқылы шабуыл жасап, содан кейін бір келісімге келу үшін сұхбаттасуға шақыру. Трамптың ең үлкен кемшілігі – нақты саясаттардан кенделігі мен ауызша айтылған келісімдерді міндетті халықаралық келісімдерге айналдыру үшін жеткілікті қадағаламауында",- деді.