Штайнер: Трамп әлемді орта ғасырлық жағдайға жеткізеді
БҰҰ-ның лауазымды тұлғасы АҚШ президентінің әлемді биліктің заңға үстемдік етуіне жеткізіп, орта ғасырлық кезеңге қайтаратыны туралы ескерту жасады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының басшысы Ахим Штайнер АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаттарын сынға алып: "Серіктестерге ауа-райының өзгеруі немесе АҚШ-пен сауда-саттық жасау секілді мәселелерді шешуде ортақ шешімге келуге кедергі жасап жатқан бірқатар келіспеушіліктер бар", - деді.
Штайнер Трамптың жуырдағы отырыстарда, сонң ішінде Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО) мүшелерінің басқосуы мен G7 тобының отырысында мәлімдеген ұстанымдарына тоқталып: "Соңғы апталарда өткен аталмыш отырыстар кезінде орын алған өзгерістерге байланысты АҚШ жетекшілік етіп отырған Батыс әлемі бұрынғымен салыстырғанда қатты өзгерген",- деді.