Калифорнияда өрт салдарынан штаттың мыңдаған гектар алқабы өртеніп, 500 ғимараты жойылды
АҚШ-тың Калифорния штатында орын алған өрт салдарынан 8 адам, соның ішінде екі бала қаза болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды.
Калифорния ормандары мен жайылымдарындағы өрт шілденің жиырма үші бір көліктің бұзылуы салдарынан басталып, жоғары жылдамдықпен таралды. Үкіметтің өртті сөндіруге шамасы келмей отыр. Өрт осы уақытқа дейін штаттағы мыңдаған гектар жер мен 500 ғимаратты қиратып, 5000-нан астам ғимаратқа өртену қаупін төндіріп тұр. Өрт жоғары жылдамдықпен Реддинг қаласына таралып, бүгінге дейін кемінде 38 000 адамды өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Тұрғындары АҚШ-тың жауапты тұлғаларының басқара алмаушылығын өрттің етек жаюының факторы деп есептейтін Реддинг қаласында барлық аудандар толығымен қирап, баспаналардың орындарында тек күлі ғана қалған.