БҰҰ Газа халқының Американың Палестинаны жеккөрушілігінің құрбанына айналып жатқанын ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38498-БҰҰ_Газа_халқының_Американың_Палестинаны_жеккөрушілігінің_құрбанына_айналып_жатқанын_ескертті
БҰҰ-ның Гуманитарлық істер кеңсесі сейсенбі күні Газада тұратын екі миллион палестиналықты төтенше отынмен қамтамасыз ету бағдарламасы бюджетінің таусылып бара жатқанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 02, 2018 04:34 Asia/Almaty
  • БҰҰ Газа халқының Американың Палестинаны жеккөрушілігінің құрбанына айналып жатқанын ескертті

БҰҰ-ның Гуманитарлық істер кеңсесі сейсенбі күні Газада тұратын екі миллион палестиналықты төтенше отынмен қамтамасыз ету бағдарламасы бюджетінің таусылып бара жатқанын мәлімдеді.

Xinhua хабар агенттігінің мәліметі бойынша БҰҰ ақпарат хатшыларының бірі Ери Канеко Газаға электр қуатын жеткізу амалдарын жалғастыру үшін шамамен 4-5 млн доллардың қажет екендігін айтып: «Газаның ауруханаларын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін төтенше отынның болмауы мен ауруханалардағы екі мыңнан астам науқасқа негізгі медициналық қызметтің көрсетілмеудің салдарлары болады» деді.

БҰҰ Бас ассамблеясының Америка президенті Дональд Трамптың шешіміне қарсылық танытып, Америка елшілігінің Құдсқа көшірілуін айыптаған 2017 жылғы қарарының жобасынан кейін Вашингтон аталмыш ұйымға материалдық көмектерін 25 пайызға қысқартты.