Иран Венесуэла президентінің өміріне жасалған қастандықты айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Венесуэла президентінің өміріне жасалған қастандықты айыптады.
Бахрам Ғасеми Венесуэла президенті Николас Мадуроның өміріне жасалған қастандыққа тоқталып, Иранның оны Венесуэлада тұрақсыздық пен тынышсыздық тудыруға бағытталған әрекет деп атайтынын мәлімдеді. Жексенбі күні Венесуэла президенті Николас Мадуро сөз сөйлеп жатқан кезде орын алған жарылыс салдарынан Каракаста өтіп жатқан әскери іс-шара аяқталмай, тоқтатылды. Бұл оқиға Мадуро сөз сөйлеп, Венесуэла телеарнасы рәсімді тікелей эфир арқылы көрсетіп жатқан жағдайда орын алды. Көптеген мемлекеттер, соның ішінде Латын Америка елдерінің басым бөлігі лаңкестік оқиғаны айыптады. Венесуэла президенті Мадуро бұл лаңкестік әрекетті АҚШ-тың қастандығы деп атады.