Там 13, 2018 20:57 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания оппозиционерлерінің жетекшісі ел үкіметінен Йеменде саудиялық коалицияны қолдауын тоқтатуды талап етті

Ұлыбритания оппозиционерлерінің жетекшісі Лондонның Йемендегі қақтығыстар мен содан туындаған гуманитарлық дағдарысты қолдауды тоқтатуы тиістігін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джереми Корбин Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында саудиялық коалицияның Йеменнің Саада облысында оқушылар отырған автобусқа шабуыл жасағанына тоқталып: "Бұл – Йеменде саудиялықтар басқарып отырған соғыстың жаңа жағдайы. Ұлыбритания осы соғысқа қару-жарақ тұрғысынан қолдау көрсетіп отыр",-деп жазды.

Оппозициялық партияның басшысы Ұлыбританияның Йемендегі қақтығыстар мен содан туындаған гуманитарлық дағдарысты қолдауды тоқтатуын талап етті.

Саудиялық қырғи ұшақтар 9 тамызда йемендік оқушылардың автобусын нысанаға алды. Сол шабуыл салдарынан  120-дан астам бала жараланып, қаза тапты.

Ұлыбритания – Сауд Арабиясына қару-жарақ пен әскери жабдықтарды ең көп сататын ел. Соңғы жылдары британдық әскери жаттықтырушылар саудиялық сарбаздарға әскери құрал-жабдықтарды пайдалануды үйретті.

 

Тегтер