АҚШ-та жыныстық қылмыс бойынша айыпталған жүздеген діни қызметшінің тізімі жарияланды
АҚШ-тың Пенсильвания штатының прокуратурасы сейсенбі күнгі баяндамасында осы штаттағы алты аймақта жүздеген католик шіркеуінің қызметшілері тарапынан кем дегенде мың баланың жыныстық зорлыққа ұшырағаны және шіркеудің жоғары басшыларының бұл қылмысты жасырғанын әшкереледі.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, 1400 беттен тұратын бұл баяндама өткен 70 жылдың ішінде Пенсильвания штатында балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен 300-ден астам діни қызметшінің есімдерін қамтиды.
Пенсильвания штатының прокуроры Джош Шапиро сейсенбі күні: "Осы уақытқа дейін құрбан болған 1000-нан астам баланың жеке-басы анықталды. Алайда сот алқасының пайымдауынша, құрбандардың саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп",- деді.