Ким Чен Ын АҚШ-ты қатты сынады
(last modified Sun, 19 Aug 2018 14:30:46 GMT )
Там 19, 2018 20:30 Asia/Almaty
  • Ким Чен Ын АҚШ-ты қатты сынады

Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын қалалық құрылыс жобаларын аралау барысында бір аптаның ішінде өз еліне қарсы екінші рет жарияланған халықаралық санкцияларды айыптады.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ын: "Дұшпандардың үздіксіз санкциялары мен олардың бүлдіргі әрекеттері Солтүстік Кореяның әлеуметтік тұрғыдан дамуы жолында тұрған шынайы кедергілер саналады",- деді. Бірнеше күн бұрын Солтүстік Кореяның жетекшісі АҚШ-тың санкцияларын дұшпан тарапынан жасалып жатқан қарақшылыққа теңеп, оларды айыптаған болатын.

Вашингтон Солтүстік Кореямен ядролық қарусыздану мәселесі жөнінде өткізген келіссөздерге қарамастан бұл елге санкциялар арқылы қысым көрсетуді жалғастырып отыр.