Там 22, 2018 17:51 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылау ұйымы Сауд Арабиясында азаматтық белсенділердің өлім жазасына кесілуін айыптады

Адам құқығын бақылау ұйымының Таяу Шығыс бөлімінің басшысы Сара Ли Уитсон сәрсенбі күні: "Кез келген өлім жазасы сұмдық, бірақ, Исра әл-Ғамғам мен басқа да айыптылар сияқты азаматтық белсенділерді өлім жазасына кесіп, оларға қатігездік жасауға талпыну – қабылдауға келмейтін іс",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының прокуратурасы осы елдің 5 адам құқығы белсендісіне өлім жазасына кесу үкімінің шығарылуын талап етті.

Исра әл-Ғамғам – Сауд Арабиясында адам құқығын қорғауға қатысты белсенділіктеріне байланысты өлім жазасына кесу үкіміне ұшыраған азаматтық белсенділердің бірі.

Аймақта АҚШ пен Израильдің саясаттарын көздеп отырған Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері болып тағайындалғаннан кейін өткен бір жыл ішінде осы елдің көптеген саяси белсендісі, саудагері, ханзадасы мен үлемі әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде елдің қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті деген айыппен қамауға алынды.   

 

Тегтер