Рухани Әзірбайжан Республикасы және Армения басшыларымен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Thu, 07 Apr 2016 09:22:08 GMT )
Сәу 07, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Рухани Әзірбайжан Республикасы және Армения басшыларымен телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР Президенті Әзірбайжан мен Арменияны ұстамдылық танытуға шақырды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Әзірбайжан және Армения басшылары Илхам Әлиев және Серж Саргсянмен жеке-дара телефон сұхбатында екі тарапты ұстамдылық танытуға шақырып, Теһранның аймаққа тұрақтылық пен тыныштықтың қайтып оралуын қалайтынын қуаттады.

Хасан Рухани Қарабақ аймағындағы бітім келісімін құрметтеуді және оның толығымен жүзеге асырылуын сұрап: "Иран қақтығыстар барысында екі көршілес әрі дос елдің әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарының өлтірілуіне өкініш білдіріп, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін өзінің барлық мүмкіндігін пайдалануға әзірлігін мәлімдейді.

Қазіргі кезде аймақ үлкен дағдарыстармен бетпе-бет келіп отыр. Мұндай кеңістік дұшпандардың қастық әрекеттері үшін жағдай тудыруы мүмкін" деді.

Әзірбайжан мен Армения басшылары да осы сұхбатта қақтығыс аймақтарындағы соңғы өзгерістер мен атысты тоқтату және оны сақтау үшін жасалған шараларды баяндап, ИИР-ның принципті ұстанымдары мен осы дағдарысты шешудегі талпыныстары үшін алғыс білдірді.

Тегтер