Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанда орын алған жарылыстарды айыптады
(last modified Thu, 06 Sep 2018 14:53:37 GMT )
Қыр 06, 2018 20:53 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанда орын алған жарылыстарды айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанның астанасы Кабулдың батысында орын алған лаңкестік жарылыстарды айыптады.

Сәрсенбі күні Кабулдың батысындағы Даште-Барчи ауданында орын алған екі лаңкестік жарылыс салдарынан 22 адам, соның ішінде екі журналист қаза болып, 70 адам жарақат алған.

Жарылыстың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Ауғанстандағы тынышсыздық пен лаңкестік топтар белсенділігінің артуы АҚШ пен одақтастарының Ауғанстанда лаңкестікпен күрес және қауіпсіздік орнату сылтауымен 2001 жылы осы елге келіп, орналасуынан бері басталған.

Кабул басшыларының мәлімдемелеріне сәйкес, америкалықтардың Ауғанстанда орналасуы елдегі тынышсыздық, лаңкестік пен есірткі заттарын шығарудың артуына ғана себеп болған.

 

 

 

Тегтер