Әзірбайжан мен Ресей "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық тасымал дәлізі тақырыбын талқылады
Әзірбайжанның Экономика министрі мен Ресей Темір жол компаниясы басшысының бірінші орынбасары Бакуде өткен отырыста қарым-қатынасты дамыту және аймақта транзитті арттырудағы "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық тасымал дәлізінің рөлін қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Әзірбайжанның Экономика министрі Шахин Мұстафаев Бакуде Ресейдің Темір жол компаниясы басшысының бірінші орынбасары Александр Мишуринмен кездесуінде: "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі арқылы тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 100 пайызға артты",-деді.
Осы мәлімет бойынша, Иран, Әзірбайжан мен Ресейдің темір жолдарын бір-біріне қосатын осы маңызды халықаралық жоба аяқталғаннан кейін Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің тауарлары Иранның Парсы шығанағы, Әзірбайжан мен Ресей арқылы Солтүстік Еуропаға транзитталады.