Америка Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге дейін қысқарта алмайды
(last modified Sat, 15 Sep 2018 11:43:39 GMT )
Қыр 15, 2018 17:43 Asia/Almaty
  • Америка Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге дейін қысқарта алмайды

Америкалықтар шағын еуропалық компанияларды Иранмен әріптестік жасауды тоқтатуға көндіруге бағытталған маркетингтік саясатымен қоса Иранның мұнайын сатып алушы елдердің басшыларымен де келіссөз өткізуге кіріскеніне біршама уақыт болды. Алайда санкциялар әлемдік мұнай нарықтарына әсер ете ме? Сондай-ақ, АҚШ Иранның мұнай экспорты көлемін нөлдік деңгейге қысқарту мақсатына жете ала ма?

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) атқарушы тобындағы Иранның өкілі Хусейн Каземпур Ардебили мұнай өндірушілердің мұнай тапшылығын өтеуге шамалары келмейтіндігіне тоқталып: "АҚШ Иранның мұнай экспорты көлемін нөлдік деңгейге қысқарту мақсатына қол жеткізе алмайды",- деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың сегізі күні Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталап, Вашингтонның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығып, ядролық санкцияларды қайта күшіне енгізетіні туралы мәлімдеген болатын. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанан кейін өз одақтастарынан Иранға қарсы ядролық санкциялардың бір бөлігі ретінде олардың Ираннан мұнай импорты көлемін нөлдік деңгейге жеткізуді сұрды.

Алайда АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының екінші кезеңіне екі айдан астам уақыт қалған жағдайда мұнай ұсынысының азаюы шикі мұнай бағасының артуына себеп болатындығына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Өткен аптада шикі мұнайдың әрбір баррелінің бағасы 80 доллардан асты. Бұл мамыр айынан бергі бағаның ең жоғары көрсеткіші болып есептелінеді.

Қазіргі таңда мұнай ресурстарына қатысты есептеулерге сәйкес, бірде бір мемлекет мұнайды артығымен өндіру әлеуетіне ие емес. АҚШ үкіметі тамыздың жиырмасы күні Иранға қарсы санкциялық саясаттарынан туындайтын мұнай бағасы артуының алдын алу мақсатында төтенше жағдайға арналған өзінің мұнай қорынан 11 миллион баррель шикі мұнай сататынын мәлімдеді.

Халықаралық Энергетика агенттігі 2018 жылдың соңында, яғни АҚШ-тың Иранға қарсы мұнай өндірісіне қатысты санкциялары жүзеге асқан кезде нарықтың қатты дағдарысқа ұшырайтынын болжаған болатын.

Сонымен қатар, АҚШ Энергетика министрі Рик Перри жұма күні Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабиясы мен Кувейттің өзара шекаралық қайшылықтарын тез арада шешіп, екеуінің де ортақ шекаралық мұнай ұңғымаларын пайдалануды бастайтындығына үміт білдірді.

АҚШ-тың Иранның мұнай экспорттауына қарсы санкциялық мақсаттарына жетуі мұнай өндірушілердің саясаты мен Иран мұнайын көтермелеп сатып алушылардың реакциясына байланысты болады.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак жұма күні CNBC арнасына берген сұхбатында: "Санкциялардың салдары жайлы пікір білдіру өте қиын. Себебі, біз қол қойылып, таныстырылуы тиіс құқықтық құжаттардың ерекшеліктерінен хабарымыз жоқ. Компаниялардың және Иранмен өзара әрекеттестік жасап отырған мемлекеттердің қандай реакция білдіретінін де білмейміз",-деді.

Мемлекеттер өз мүдделерін көздеп, мұнай нарығы өзіндік қиындықтарға ие болып, әртүрлі саяси-экономикалық факторлардың ықпалында болған жағдайда АҚШ-тың есептеулеріне күмән тудырып отырған мәселе халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың біржақты саясаттарын ұстанатындығына шамадан тыс сенуі болып табылады.