Волейболдан әлем чемпионатында Иран Кубаны жеңіп, жеңімпаз атанды
Қыр 16, 2018 13:27 Asia/Almaty
Иранның ұлттық волейбол командасы Болгарияның Варна қаласында жергілікті уақыт бойынша 16:30-да волейболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші кездесуінде Куба командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, алғашқы екі кездесуінде Пуэрто-Рико мен Болгария командаларын жеңген Иран 3 жеңіспен 9 ұпай жинап, D тобында алда келеді.
Иранның ұлттық командасы осы чемпионаттың топтық кезеңінде Пуэрто-Рико, Болгария, Куба, Польша мен Финляндия командаларымен бәсекеге түседі.
Тегтер