Иран БҰҰ-на хат жолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39087-Иран_БҰҰ_на_хат_жолдады
ИИР БҰҰ-нан сионистік режимнің жуырда ИИР-на қарсы ядролық сала бойынша жасаған қоқан-лоққысын айыптауды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 20, 2018 13:23 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-на хат жолдады

ИИР БҰҰ-нан сионистік режимнің жуырда ИИР-на қарсы ядролық сала бойынша жасаған қоқан-лоққысын айыптауды сұрады.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында: "Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жуырда Иранға қарсы жасаған қоқан-лоққысы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген шынайы қатер",- деп жазды.

Хатта басқыншылық, соғысқұмарлық, мемлекеттік лаңкестік пен басқа да халықаралық қылмыстарды жүзеге асыруда көп жылдық тәжірибесі бар режимнің ядролық қаруға ие болуын аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген ең ірі қатер деп атап, халықаралық қауымдастықтан сионистік режимнің жүгенсіз әрекеттері мен ядролық саладағы қоқан-лоққысына қарсы берік позиция ұстанып, халықаралық ережелер мен БҰҰ-ның жарғысына бағынуға мәжбүрлеуді сұрады. ИИР-ның хатын Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ Бас ассамблеясының құжаты ретінде жариялау жоспарланып отыр.