Иранның грек-рим күресі бойынша құрама командасы Словакияда жеңімпаз атанды
ИИР-ның грек-рим күресі бойынша жастар құрама командасы Словакияда грек-рим күресі бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Иранның грек-рим күресі бойынша жастар құрама командасы 4 алтын, екі қола медаль мен жалпы 136 ұпайды иеленіп, Словакияда өткен грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатында екінші рет жеңімпаз атанды.
Иранның грек-рим күресі бойынша командасынан соң 131 ұпаймен Ресей, 83 ұпаймен Армения құрама командалары екінші және үшінші орындарды иеленді.
Өткен жылы Финляндияда өткен әлем чемионатында да Иранның грек-рим күресі бойынша құрама командасы үш алтын, бір күміс және бір қола медаль алып, әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
Грек-рим күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты 2018 жылы Словакияның Трнава қаласында қыркүйектің 17-20 күндері өтті.