Иранның грек-рим күресі бойынша құрама командасы Словакияда жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39089-Иранның_грек_рим_күресі_бойынша_құрама_командасы_Словакияда_жеңімпаз_атанды
ИИР-ның грек-рим күресі бойынша жастар құрама командасы Словакияда грек-рим күресі бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 20, 2018 13:39 Asia/Almaty
  • Иранның грек-рим күресі бойынша құрама командасы Словакияда жеңімпаз атанды

ИИР-ның грек-рим күресі бойынша жастар құрама командасы Словакияда грек-рим күресі бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Иранның грек-рим күресі бойынша жастар құрама командасы 4 алтын, екі қола медаль мен жалпы 136 ұпайды иеленіп, Словакияда өткен грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатында екінші рет жеңімпаз атанды.

Иранның грек-рим күресі бойынша командасынан соң 131 ұпаймен Ресей, 83 ұпаймен Армения құрама командалары екінші және үшінші орындарды иеленді.

Өткен жылы Финляндияда өткен әлем чемионатында да Иранның грек-рим күресі бойынша құрама командасы үш алтын, бір күміс және бір қола медаль алып, әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Грек-рим күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты 2018 жылы Словакияның Трнава қаласында қыркүйектің 17-20 күндері өтті.