"4+1" тобының мүшелері Иранмен экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуді қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39148-4_1_тобының_мүшелері_Иранмен_экономикалық_қарым_қатынасты_кеңейтуді_қуаттады
Иран мен "4+1" тобы мүшелерінің Сыртқы істер министрлері өз мәлімдемелерінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы, әсіресе экономикалық саладағы және санкциялардың күшін жоюға қатысты өз міндеттемелерін іске асыратындықтарын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 25, 2018 11:48 Asia/Almaty

Иран мен "4+1" тобы мүшелерінің Сыртқы істер министрлері өз мәлімдемелерінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы, әсіресе экономикалық саладағы және санкциялардың күшін жоюға қатысты өз міндеттемелерін іске асыратындықтарын қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Нью-Йоркте Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могеринидің басшылығымен өткен Иран, Франция, Ресей, Қытай, Британия және Германия Сыртқы істер министрлері отырысының соңында отырысқа қатысушылар санкциялардың күшін жою мен Иранның экономикалық мүдделеріне ие болу мәселесін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негізгі бөлімі деп атады.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мүшелері мәлімдемеде АҚШ-тың аталмыш келісімнен шыққанына өкініш білдіріп, АҚШ-тың біржақты санкцияларымен ашық қарсыласу саласында Иранмен экономикалық қарым-қатынастарын кеңейтуді, Иранмен қаржы қарым-қатынастарын жүргізу арналарын сақтап қалып, Иранның мұнай мен газ, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін экспорттауды жалғастыру сияқты  міндеттемелерін қуаттады.