Лавров: Ядролық келісімді бар күш-қуатымызбен қорғаймыз
Қыр 29, 2018 23:25 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғау үшін қажет кез келген істі жасайтынын жариялады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Лавров АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққанын еске салып: «Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі растаған келісімді қорғауды өз міндеті санайды. ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне толығымен табанды болды. Сондықтан Мәскеу бұл халықаралық келісімді сақтап қалу үшін бар күшін салады»,- деді.
Тегтер