Ираннан үркіту – АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі отырысының негізгі тақырыбы
(last modified Sat, 29 Sep 2018 18:53:34 GMT )
Қыр 30, 2018 00:53 Asia/Almaty
  • Ираннан үркіту – АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі отырысының негізгі тақырыбы

Өткен 40 жылда сан рет аймақтың қауіпсіздігін ойламайтынын көрсеткен АҚШ қазір Ираннан үркіту саласында жаңа әрекеттерін бастады.

Араб мемлекеттері басшыларының Вашингтондағы көптеген кездесулері мен отырыстары осы салада өтті. Ең соңғы отырыс  жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның араб әріптестерімен өткізген отырысы болды. Ақпарат құралдары отырыста «араб НАТО-сын» құру және аймақтағы Иранның белсенділігі туралы мәселелердің талқыға салынғаны туралы хабарлады.

«National» басылымы осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысының Парсы шығанағы істері жөніндегі арнайы көмекшісі Тим Ландеркингтің өткен үш аптада аймақ мемлекеттерінде «араб НАТО-сын» құру үшін қажет жағдай жасау саласындағы дипломатиялық жұмыстармен айналысқаны туралы мәлімет жариялады.

Трамп үкіметі уақытша «Таяу Шығыстың стратегиялық коалициясы» деп аталған бұл коалиция туралы қазанның 12-13 күндері Вашингтонда өтетін отырыста алдымен келіссөздер мен пікірталастар орын алады деп үміттенуде. Бұл әрекеттердің мақсатының аймақ елдерінің қауіпсіздігін АҚШ-қа тәуелді ету екендігіне күмән тумайды. Трамп бұдан бұрын араб мемлекеттерінің, солның ішінде Сауд Арабиясының қауіпсіздікті қаласа, оның қаржысын төлеуге міндетті екендігі туралы айтқан болатын. Трамп сәуір айының басында: «Таяу Шығыстың кейбір мемлекеттері АҚШ-тың қолдауынсыз бір аптаға да төзе алмайды. АҚШ өткен 18 жылда Таяу Шығыста 7 триллион доллар жұмсады. Сондықтан бай мемлекеттер бұл қаржыны өтеуі керек»,- деген болатын. Бұл әрекеттердің мақсаты – Иранға қарсы коалиция құру. АҚШ үкіметі жаңа жоба құрып, араб мемлекеттерін бұл жобаға шырмауда.

Араб әлемінің танымал жазушысы, сарапшы Абдәлбари Атван бұл туралы: «Бұл коалицияның негізгі мақсаты – «Иран – үлкен қатер» деген уәжді пайдаланып, араб сүннит елдерін басқыншы Израиль режимімен қарым-қатынас орнатып, Трамптың президенттік сайлау алдындағы уәделері бойынша АҚШ-тың инфрақұрылымдарын  қаржымен қамтамасыз ету үшін Парсы шығанағы жағалауындағы елдердің қалған байлықтарын талан-таражға салу»,- деді.

АҚШ үкіметі өзінің жаңа саяси ойынына Сауд режимі мен аймақтың басқа араб мемлекеттерін тарту үшін Иранды айыптауды негізі мәселе етіп, бір жақтан олардың мұнайдан түскен долларларын пайдаланып, басқа жақтан қауіпсіздік тұрғыдан аймақтағы өз жағдайын сақтап қалуды көздеуде. Бірақ, бұл әрекет еш уақытта нәтижеге жетпейді. Таңылған соғыстың тәжірибесі Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің АҚШ пен Иранның бетпе-бет келуінің бірінші құрбаны болатынын көрсетті.

 

 

Тегтер