Иран президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары Африкаға сапармен аттанды
ИИР президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары жоғары шенді делегацияны бастап, Шығыс Африкаға сапармен аттанды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары Сорена Саттари Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрлігі, Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Сауданы дамыту ұйымы мен Экспортты дамыту банкінің өкілдері және Шығыс Африка нарығындағы экспорттық салаларда белсенділік танытып жатқан іргелі ғылым мен технологияға негізделген 45 компания басшыларынан құралған делегацияны бастап Кения мен Угандаға сапармен барды.
Иран президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасарының Африкаға сапары экспортты дамыту бағдарламалары мен іргелі ғылым мен технологияға негізделген компаниялардың халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлігі барысында жүзеге асырылып жатыр. Иранның Ғылым және технология істері жөніндегі вице-президенттің іргелі ғылымға негізделген кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатындағы мұндай шаралары бірнеше жыл бұрын басталды.
Иран президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары бастаған делегация құрамындағы компаниялар мен кәсіпорындар денсаулық сақтау, медициналық құрал-жабдық, өсімдік және химиялық дәрі-дәрмек, ақпараттық технология мен байланыс, химия, электр және электроника өнеркәсіптері, өнеркәсіптік құрал-жабдықтардың дамыған технологиясы, инженерлік-техникалық қызметтер, тау-кен өндірісі секілді әртүрлі салаларда жұмыс істейді.
Шығыс Африка экспорттық мақсаттағы нарық тұрғысынан іргелі ғылымға негізделген кәсіпорындар үшін маңызды нарықтардың бірі саналады. Әсіресе, Иран және аталмыш аймақ елдерімен жақсы саяси-экономикалық қарым-қатынас орнатқан Кения мен Уганда осындай маңызды нарықтардың қатарына жатады.