Зариф: Иран қоқан-лоққыға төзбейді
Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күнгі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Нью-Йоркте өткен отырыста Иран Ислам революциясының жеңісінен осы уақытқа дейін саяси және экономикалық қысымдармен бетпе-бет келгеніне тоқталып: "Иран ең басынан қысымдармен қарсыласып келеді. Бірақ, еш уақытта қоқан-лоққыға төзбейді",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран халқының қоқан-лоққыға теріс жауап қайтаратынын айтты. Зариф сондай-ақ, Вашингтонмен келіссөздер өткізу мүмкіндігін теріске шығарып: "АҚШ – келіссөз жүргізетін ел емес",- деп баса айтты. Иран Сыртқы істер министрі Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына сілтеме жасап: "Иран АҚШ-пен келіссөзді үнемі ең басынан бастай алмайды",- деді.