Помпео Халықаралық Әділет сотының АҚШ-қа қарсы шешіміне ашулы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39255-Помпео_Халықаралық_Әділет_сотының_АҚШ_қа_қарсы_шешіміне_ашулы
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Халықаралық Әділет сотының Вашингтонға қарсы шешіміне ашу-ыза білдіріп, оны бос үкім деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 04, 2018 13:51 Asia/Almaty
  • Помпео Халықаралық Әділет сотының АҚШ-қа қарсы шешіміне ашулы

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Халықаралық Әділет сотының Вашингтонға қарсы шешіміне ашу-ыза білдіріп, оны бос үкім деп атады.

"Әл-Хадс" телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның АҚШ-ты санкциялардың күшін тоқтатуға мәжбүрлеуге талпынып жатқанын және Халықаралық Әділет соты үкімін бос шешім деп атап: "АҚШ Иранмен 1955 жылы жасалған достық келісімін аяқталды деп санайды",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл елдің Иранға қарсы уәждерін қайталап: "Теһран АҚШ-тың Бағдад пен Басрадағы дипломатиялық корпустары үшін қауіп көзі болып отыр",-деген уәж айтты.