Халықаралық соттың Иранның пайдасына дауыс беруі АҚШ-ты оқшауландырды
ИИР-ның Гаагадағы елшісі Халықаралық сотта Иранның шағымын қарастыру барысында АҚШ-қа бірауыздан қарсы дауыс берілгендіктен оқшау қалғанын айтты.
Халықаралық сот сәрсенбі күні Иранның АҚШ-қа түсірген шағымын қарастыратын жалғыз уәкілетті орган екенін растауға бағытталған алғашқы қадамында ақырғы шешім қабылданғанша, Вашингтонды Иранның гуманитарлық және авиациялық шектеулерін жоюға міндеттеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-ның Нидерландының Гаага қаласындағы елшісі Әлиреза Джаһангири Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Халықаралық соттың Иранның түсірген шағымына қатысты берген дауысына тоқталып, оны Иран үшін құқықтық жеңіс деп атады.
ИИР-ның Гаагадағы елшісі Халықаралық сот АҚШ-тан "Ортақ қадамнан" шығуы салдарынан бұзылып, Иран халқына қарсы санкция салуға себеп болған өз міндеттемелеріне берік болуды сұрағанын айтты.