ABU-дің ең үздік радио қойылымының жүлдесі Иранға бұйырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39289-abu_дің_ең_үздік_радио_қойылымының_жүлдесі_Иранға_бұйырды
Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының 55-ші отырысының жабылу салтанатында ABU-дің ең үздік радио қойылымының жүлдесі Иранның «Метаморфоза» қойылымына берілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 07, 2018 11:38 Asia/Almaty
  • ABU-дің ең үздік радио қойылымының жүлдесі Иранға бұйырды

Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының 55-ші отырысының жабылу салтанатында ABU-дің ең үздік радио қойылымының жүлдесі Иранның «Метаморфоза» қойылымына берілді.

ИИР Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша,  Мехди Азаридің режиссерлігімен дайындалған «Метаморфоза» қойылымы психотропты заттардың есірткіге тәуелді адамға әсер етуін  қойылым тілімен баяндайды.

Орталығы Куала-Лумпурда орналасқан Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) әлемдегі ең үлкен радио және телевидение одақтарының бірі саналады. Бұл одақ жыл сайын фильм мен телехикая саласында өзара алмасумен қатар, мүше елдер арасында ақпарат саласында ауқымды әріптестік жасайды.