АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранмен саудаға қарсы ұсыныс хат жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39376-АҚШ_тың_Қаржы_министрлігі_Иранмен_саудаға_қарсы_ұсыныс_хат_жариялады
АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні Вашингтонның ИИР-ға қарсы кеңістік тудыруын жалғастырып, Иранмен сауда жайлы 19 беттік ұсыныс хат жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 13, 2018 06:14 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранмен саудаға қарсы ұсыныс хат жариялады

АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні Вашингтонның ИИР-ға қарсы кеңістік тудыруын жалғастырып, Иранмен сауда жайлы 19 беттік ұсыныс хат жариялады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы қылмыстарын бақылау басқармасы өз мәлімдемесінде: "Бұл ұсыныс хат қаржы институттарына ИИР-ға қатысты ықтималды заңсыз байланыстарды анықтап, есеп беруге көмектесу мақсатында жарияланды",-деп мәлімдеді.

Бұл америкалық орган ұсыныс хаттың келесі мақсатын шетелдік қаржы институттарына АҚШ-тағы қаржы мекемелерінің міндеттемелерін жақсырақ түсінуге көмектесіп, АҚШ-тың санкцияларына ұшыраудың алдын алу деп атады.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі, сондай-ақ, Иранның белсенділіктерінің халықаралық қаржы жүйесін ақшаны жылыстату, лаңкестікті қаржымен қамтамасыз ету сияқты қатерлерге ұшырататынын айтып, ұсыныс хаттың келесі бір мақсатын қауіп-қатерлерді жою деп атады.

 

.