Иран командасы Аргентинадағы жасөспірімдер арасындағы олимпиадада бірнеше медаль алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39387-Иран_командасы_Аргентинадағы_жасөспірімдер_арасындағы_олимпиадада_бірнеше_медаль_алды
Аргентинаның астанасы Буэнос-Айроста өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы үшінші жазғы олимпиада ойындарында Иранның грек-рим күрес бойынша құрама командасы екі алтын медаль алып, Иранды жалпы есепте бесінші орынға көтерді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 13, 2018 16:29 Asia/Almaty

Аргентинаның астанасы Буэнос-Айроста өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы үшінші жазғы олимпиада ойындарында Иранның грек-рим күрес бойынша құрама командасы екі алтын медаль алып, Иранды жалпы есепте бесінші орынға көтерді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амирреза Деһбозорги 45 килограмм салмақ бойынша финалдық кездесуде 8:0 есебімен эквадорлық бәсекелесінен басым түсіп, алтын медальдан алқа тақты.

Сондай-ақ, 92 килограмм бойынша Иран құрама командасы атынан өнер көрсеткен Мұхаммад Носрати Түркияның Осман Айдин деген палуанынан 3:0 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені иеленді.

Осылайша, Аргентинадағы жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан ирандық спортшылардың қоржынына 5 алтын және 1 күміс медаль қосылды.

Мұның алдында Иран таэквондистері тамаша өнер көрсетіп, 3 алтын және 1 күміс медаль алған болатын.