Иранның банк жүйесі ақша жылыстатумен күресу үшін мықты заңға ие
Қаржы амалдары арнайы тобының (FITF) атқарушы хатшысы Иранның банк жүйесінің ақша жылыстатумен күресу үшін мықты заңға ие екенін қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дэвид Льюис жексенбі күні кешке бұл топтың Иранның Орталық банкімен байланыста екенін айтып, Иранның Орталық банкінің ақша жылыстатумен күресу үшін мықты заңдарға ие екенін көрсеткенін айтты.
Дэвид Льюистің айтуы бойынша, Иранның банк жүйесі басқа елдердің банктерін ирандықтармен жұмыс істеуге болатындығына сендіреді. Льюис Парижде осы топтың 6 күндік отырысының басында сөйлеген сөзінде Иранның FITF-пен әріптестігінің оң болатындығына үміт білдірді. Қаржы амалдарының арнайы тобының 6 күндік отырысы 14 қазанда басталып, 19 қазанға дейін жалғасын табады. Мұнда Иранның осы топ ұсынған кеңестерін орындауға бағытталған шараларға қатысты шешім қабылданады.