Иран жерсерік жасау бойынша әлемдегі үздік 9 елдің қатарында
Иранның Әуе-ғарыш ұйымының басшысы Мұртаза Барари ИИР-ның Ресей, АҚШ, Канада мен бірнеше еуропалық елдермен бірге жерсерік жасау саласында әлемдегі үздік 9 елдің қатарында тұрғанын хабарлады.
Мұртаза Барари сенбі күні кешке Иранның "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында 2017 жылы Иранның ғарыштық инженерия саласында әлем бойынша 11 орынға жеткенін, бүгінде отандық мамандардың талпынысымен жерсерікті 50 градус бұрышта жер бетінен 500 км биіктікке ұшыру қабілетіне қол жеткізгенін айтты.
Иранның Әуе-ғарыш ұйымының басшысы елдің ғылыми айбын тұрғысынан аймақта бірінші орынға ие екендігін тілге тиек етіп, Шариф, Амир Кабир мен Ғылым және өнеркәсіп университеттерінде отандық мамандардың қолымен жасалған үш жерсеріктің ғарышқа ұшырылуға дайын екенін мәлімдеді.