Әлем чемпионатында Иранның еркін күрес командасы екінші жүлдеге ие болды
Қаз 22, 2018 13:39 Asia/Almaty
Иранның 125 кг салмақтағы балуаны Парвиз Хади Венгрияның астанасы Будапешт қаласындағы еркін күрестен әлем чемпионатының финалында күміс жүлдеге ие болды.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі кешке хабарлауы бойынша, Парвиз Хади 125 кг салмақтағы балуандардың финалдық кездесуінде ресейлік қарсыласын 11:2 есебімен жеңіп, осы чемпионатта Иран үшін екінші қола жүлде алды.
Бұдан бұрын 86 кг салмақтағы олимпиада чемпионы Хасан Яздани осы әлем чемпионатында қол жүлде алған болатын.
Бүгін, дүйсенбі күні Эззатулла Акбари мен Әлиреза Карими 79 және 92 кг салмақтағы кездесулерде қарсыластарымен қола жүлде үшін сайысқа түседі.
Тегтер