Иран – әлемде жібек өндіретін сегізінші ел
Қаз 22, 2018 19:04 Asia/Almaty
Иранның жібек құртын өсіру орталығының басшысы ИИР-ның жылына 120 тонна жібек өндірісімен әлемде сегізші орында тұрғанын мәлімдеді.
Иранның жібек құртын өсіру орталығының басшысы Адил Сарви дүйсенбі күні әлемдегі жібектің 90 пайызының Азия елдерінде өндірілетінін айтып: "Қытай жылына 142 мың тонна жібек өндірісімен әлемде бірінші, Үндістан 32 мың тонна жібегімен екінші, Иран 120 тонна көлеммен сегізінші орын алып отыр",-деді.
Сарви жібек құртының 96 пайызының Иранның жеті облысында өндірілетінін, елдің солтүстігіндегі Гилян облысының 40 пайызбен бірінші, солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысының 30 пайызбен екінші орында тұрғанын айтты.
Тегтер