Вашингтон Иран мұнайын сатып алушыларға жеңілдік жасауға мәжбүр болды
(last modified Mon, 22 Oct 2018 17:02:43 GMT )
Қаз 22, 2018 23:02 Asia/Almaty
  • Вашингтон Иран мұнайын сатып алушыларға жеңілдік жасауға мәжбүр болды

АҚШ-тың Қаржы министрі елі Иран мұнайына толық санкция салу ұстанымынан кейін шегінгенінен кейін: "Вашингтон Иран мұнайын сатып алушыларды санкциядан босату жағдайын қарастырды",-деп мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Стивен Мнучин жеңілдіктің орындалу тәсілі туралы: "Иран мұнайын импорттайтын елдер 2013-2015 жылдары міндет болған 20 пайыздан көбірек Ираннан мұнай саудасын азайтуы керек. Сол кезде АҚШ-тың санкциясынан босатылады",-деді.

Мнучин мұнайдың әлемдік бағасының көтерілгеніне алаңдаушылық білдіріп: "Иран мұнайын ұсыну көлемінің орны толтырылды",-деген уәж айтты.

Осындай жағдайда Reuters Иран мұнайы экспортының азаю ықтималының әлем нарығында шиеленіс тудырғанын хабарлады.

Вашингтонның Иран мұнайын сатып алушыларға жеңілдік жасау туралы шешімі АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран мұнайына толығымен санкция салып, мұнай экспортын тоқтатуға уәде берген жағдайда қабылданып отыр.

 

Тегтер