Иран ушудан әлем чемпионатында алғаш рет алтын жүлде алды
Қаз 28, 2018 13:42 Asia/Almaty
Иранның әйелдер командасындағы 65 кг салмақтағы спортшысы ушудан әлем чемпионатында ұлттық ушу командасына бірінші алтын әкелді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қытайда өтіп жатқан ушудан әлем чемпионатының тоғызыншы кезеңіне ерлер арасында Ираннан 5 спортшы, әйелдер арасында 3 спортшы қатысып жатыр. Сенбі күні кешке 65 кг салмақтағы ушушылар арасында болған сайыста Шахрбану Мансуриан бірінші алтынды Иранның ушу командасының қанжығасына байлады.
Ушудан әлем чемпионатының тоғызыншы кезеңі сенбі күні таңертең Қытайдың Хандчжоу қаласында басталып, жексенбі күні аяқталды.
Тегтер