Иран СІМ ұрланған ирандық шекарашыларды азат ету талпыныстарының жалғасатынын айтты
Қаз 31, 2018 15:11 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні таңертең Исламабадқа келген кезде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве аймағында ұрланған ирандық шекарашыларды азат ету жұмыстарына тоқталып,
пәкістандық басшылардың лаңкестердің қолдарына түскен шекарашыларды азат етуге бар күштерін салуға уәде бергенін айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Пәкістан сапарының мақсаттарына тоқталып: "Иран мен Пәкістан – өте жақсы қарым-қатынасқа ие көршілес елдер. Шекарашылар Иранға оралғанға дейін пәкістандық басшылармен тұрақты келіссөздер жүргізіледі",- деді.
Тегтер