Қар 01, 2018 17:56 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте саудиялық апалы-сіңлі екі қыздың мүрделері табылды

Нью-Йорктегі бір өзеннің жағасынан саудиялық апалы-сіңлі екі қыздың мүрделерінің табылуы АҚШ полициясы үшін күрделі жұмбаққа айналды.

"Нью-Йорк Таймс" газетінің жазуы бойынша, қаланың полициясы 16 жастағы Тала мен 22 жастағы Рутана есімді саудиялық апалы-сіңлі екі қыздың өткенін тексеру жұмыстарынан олардың Сауд Арабиясынан кетіп, АҚШ-тан пана сұрауды көздегенін, біраз уақыттан бері жоғалғандардың тізімінде жүргенін, алайда өз-өздерін өлтіргенін көрсететін белгілердің табылмағанын хабарлады. Олардың анасы да ақпарат құралдарына саудиялық басшылардың екі қызға Сауд Арабиясына қайтуға бұйрық бергенін айтқан. Тала мен Рутанаға саудиялық басшылардың қайтуына қатысты қоқан-лоққы жасағаны жайлы анасының сөзі бұл екі қыздың саудиялық сыншы Хашоғджи мен басқа да бірнеше сыншының тағдырларына ұқсас жағдайға душар болып, яғни алдымен жоғалып, артынан өлтірілу ықтималына қатысты күмән тудырады.  

 

Тегтер