Әлем католиктерінің жетекшісі: Иран – бай мәдениет пен үлкен өркениетке ие ел
Қар 01, 2018 19:23 Asia/Almaty
Әлем католиктерінің жетекшісі Иран халқының басты ерекшілігін сол арқылы қазіргі заманғы адамзат баласын құтқаруға болатын адамгершілікке негізделген бай мәдениет деп атады.
Әлем католиктерінің жетекшісі Папа Франциск Ватикандағы Иранның жаңа елшісі ходжат ул-ислам сейіт Таһа Һашемимен кездесуінде ИИР басшыларымен жиі сұхбаттасып тұруды құптап, бұл әрекетті діндер арасындағы диалогтар үшін жақсы үлгі деп атады.
Иранның Ватикандағы жаңа елшісі де әлем католиктерінің жетекшісіне өзінің сенім грамоталарын ұсынып, кейбір елдердің, соның ішінде АҚШ-тың бүлдіргі саясаттарын қазіргі кездегі адамзат қоғамында орын алып жатқан қиындықтардың қайнар көзі деп атады.
Тегтер